Астана маңында өрт шықты (видео)
Астана маңында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол ортасында шөп өртеніпті.
"19 маусымда 09:12-де Астана төтенше жағдайлар департаменті бөлімі құрғақ шөптің өртенгені туралы ақпарат түскен соң оқиға орнына шықты", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті ауыздықтау үшін 22 қызметкер мен 5 бірлік техника, сонымен қатар қала әкімдігінің су шашуға арналған көлігі жұмылдырылған.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.