Астана күніне орай отшашу бола ма – Әкімдік жауап берді
Астана әкімдігі қала күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше Астананың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр екен.
"Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады.
Айта кетейік, Астана күніне орай қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”