Астана халықаралық әуежайын су басты (видео)
Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде видеолармен бөлісіп жатыр. Байқағанымыздай әуежайдың су ағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.
Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мердігер құрылыс компаниясы Астана әуежайының халықаралық терминалында су құбырына зақым келтірді. Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, зақымдануды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”