Астана әуежайы бір жыл бойы БАӘ инвесторының бақылауында болады
Астана халықаралық әуежайы Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясының сенімді басқаруына берілген. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле бір жылға жасалған, оның барысында инвестор әуе айлағынан түсетін ықтимал пайданы бағалайды.
12 айдан кейін шетелдік менеджер қанша ақша салу керектігін шешеді. Егер инвестор мәмілені тиімді десе және қазіргі иесі қарсы болмаса, әуе айлағы ұзақ мерзімге сенімгерлік басқаруға өтеді. Әуежай басшылығы инфрақұрылымға салынған инвестициядан кейін оның қызметтерінің бағасы көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
- Астанадағы теміржол вокзалдарына бұрынғы атаулары қайтарылатын болды
- Қазақстанда ең көп жалақы алатын мамандықтар белгілі болды
Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезекте ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізіп, жүк терминалының өткізу қабілетін арттыру мақсатында шетелдік компанияны тартуға шешім қабылданған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған