"Астана аруы - 2018" тұрмысқа шықты
«Астана аруы - 2018» Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауының Instagram-дағы ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Парақшада үйлену көйлегіндегі қыздың суреттері, той суреттері орналастырылған. Астана сұлуының жұбайы кім екені туралы мәлімет жоқ.
Үйлену тойы Алматыда өтті.
«Астана аруы - 2018» керемет әдемі және сәнқой Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты. Той бүгін Алматыда өтті. Жас жұбайларды құттықтай отырып, үлкен және жарқын махаббат тілейміз! »- делінген хабарламада.
2018 жылғы 12 желтоқсанда «Астана аруы - 2018» сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфулла екені белгілі болды.
Бойжеткен Қазақ технология және бизнес университетінде дизайнер мамандығы бойынша оқиды. Байқауға қатысу кезінде қыздың ғашығы жоқ болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"