Астана әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды
Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.
"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Антикор мәлімдемесінде.
Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған