Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді
Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ инфекциясы таралмауы үшін 15 миллион теңге бөлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: yahoo.com
15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ. Яғни, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге әуес ерлерге иммун тапшылығы вирусы мен өзге де инфекциялар жайлы ақпарат беріледі. Медициналық көмек ұсынылады. Сондай-ақ оларға шұғыл-тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі.
“Биыл, яғни 2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен аутрич қызметкерлердің жалақысы”, – дейді Астана қаласы аитв-инфекциясын алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.
Бұған дейін елімізде ЛБГТ-ны насихаттайтын бірқатар феминистік бірлестікке қарсы іс-шара жүргізілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген