Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын: Асаба екеуіміз достасып, араласып жүрміз

Асхат Тарғын тойда жаға ұстасып қалған асаба Айбек мырзамен бүгінде етене араласып, жақсы дос болып алғандарын жеткізді. Ал қазақстандық заңгер өз кезегінде оқыс оқиғаны талдап, екеуінің де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты.

жюд

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Жуырда президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің этикасына зор мән беруге кеңес берген болатын. Әдепсіз мемлекеттік қызметкерлердің қатаң жазаланатынын да ескертті. Оқыс оқиғалар мемлекеттік қызметкерлер арасында болмаса да, өнер адамдарының басынан жиі өтіп отырады. Мысалы, Асхат Тарғынның тойдағы асабамен төбелесін айтуға болады.

«Шыны керек, осы видеоға қатысты пікір айта-айта жауыр болып кетті. Сол сәтте екі тараптан да қызбалық болды. Бірақ бір келісімге келіп, қазір дос болып, араласып жүрміз. Ер шекіспей беріспейді деп жатады ғой. Мұны айта берудің де қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін талай рет айтылған. Ол да, мен де сабырсыздық танытып, кішкене қатты кетіп қалдық.

Оның өзінің, менің өзімнің бағдарламам болды. Бір-бірімізді түсінбедік. Мен тезірек әнімді айтуға асықтым. Осы тұста екеуіміздің де абыройымызға нұқсан келгенін айта кетуім керек. Халық Айбекті көп тани бермейді. Мені білетін болған соң көп сын маған қатысты айтылды. Мұндай жағдай өнерге келмей, ауылда жүргенде көп болған. Әсіресе, бала күнімде», – дейді Асхат Тарғын.

Аталған оқиғаға қатысты қазақстандық заңгер Айнұр Махметова өз пікірін білдірді. Ол бұл жағдайда екі тараптың да жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты. «Бұл жерде әлгі тамада бірінші болып қол жұмсады. Артынша бұл кісі оған жауап қайтарды. Саралайтын болсақ, екеуінікі де дұрыс емес. Біріншіден, бұлар сол жердегі жұрттың мазасын алып отыр. Қоғамдық орында өздерін дұрыс ұстай алмай отыр. Екеуі де бірдей жауапқа тартылады. Өйткені, екеуі қоғамдық орында шағын қойылым көрсетті», – дейді Айнұр Махметова.


Жіберіп алмаңыз:

Балғынбек Имашев: Әйелімді қатты қызғанамын. Төркініне де менсіз бармайды

Жазира Байырбекова болашақ келінінің сыйлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Қайрат Нұртастың әкесі анасына гаухар тасты әшекей сыйлады (фото)

Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)

Талқылау