Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери форманы заңсыз киген қазақстандықтарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтанда әскери форма киген адамдарды тексеріп жатыр. Елордада арнайы акцияны Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкерлері Ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп өткізуде. Шара қазан айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі заңнамада әскери форманы заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді. Жеке тұлғалар үшін - 5 АЕК (13 890 теңге) және заңды тұлғалар үшін - 25 АЕК (69 450 теңге).

"Бүгінгі таңда айырым белгілері бар әскери киім еркін айналымда және қолжетімді. Әсіресе, далалық әскери киім-кешек бағасының қолжетімділігі мен ыңғайлылығына байланысты азаматтық тұрғындар арасында сұранысқа ие. Өмірдің әртүрлі салаларында көптеген адам оны ауыстыратын киім немесе жұмыс формасы ретінде пайдаланады. Осындай бұзушылықтарға байланысты азаматтық тұлғалардың әскери формадағы лайықсыз мінез-құлқын қоғам әскери қызметшілер жасаған бұзушылық ретінде қабылдайтын жағдайлар жиі туындайды. Нәтижесінде бұл қарулы күштердің имиджіне және әскери адамның бейнесіне теріс әсер етеді", - деп түсіндірді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде.

Ведомство бұл акция қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нің 2019-2021 жылдарға арналған "әскери қалашықтар мен әскери қызметшілердің жинақы тұратын жерлерінде құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы" жоспары аясында өтіп жатқанын атап өтті.

"Әскери полиция қызметкерлері мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен оларды қарулы күштер қатарынан шығару кезеңінде жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қосымша жалғанған және белгіленбеген үлгідегі жапсырмалармен қолдан тігілген әскери киімнің әртүрін кию фактілері аныықталды", - деді министрлікте.

Сондай-ақ, мектептер мен жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының бастапқы әскери дайындық оқытушыларына тек сабақтарда әскери киім киюге рұқсат етіледі. Сондықтан олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Талқылау