"Үш бірдей көлігімді кім қайтарады?": Мамин шағымданған арыстықтарға апта сайын келіп тұруға уәде етті (видео)

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында жарылыс орын алғалы бері шаһарға екінші рет келіп, ондағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Қаланы автобуспен аралап шыққан премьер-министр жарылыстан зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары бір айда толық бітетінін айтып, Арысқа апта сайын келіп, тексеріп тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшіcі.

Асқар Мамин

Асқар Мамин алдымен әскери бөлімге жақын аумақтағы «Көктем» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. Бұдан соң орталық аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы мен жеке тұрғын үй секторларының және тағы да өзге нысандардағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Халыққа қызмет көрсету орталығына қарама-қарсы орналасқан тұрғын үйге снаряд түсіп, үймен қоса оның жанындағы дүкен түгелімен өртеніп кеткен. Қазіргі таңда тұрғын үй толығымен сүріліп, жаңадан бой көтеруде. Оны Шығыс Қазақстан облысы жүргізуде. Үкімет басшысының құрылыс басына келетінін естіген үй иесі Лесхан Мыңбаев Асқар Маминнен көмек сұрауды жөн көріпті.

ШҚО әкімі

Тұрғын сүрілген үйдің орнына жаңадан баспана салынып жатқанын және оны жүргізіп жатқан құрылысшыларға алғысын айтып, үкімет басшысынан өртеніп кеткен үш автокөлігінің шығынын кім өтейтінін сұрады. Айтуынша, 2012, 2013, 2014 шығарылған көліктерінің барлық құжаты бар. Сақтандыру полисіндегілер көлік жол апатына түскенде ғана өтемақы өтелетінін айтқан екен.

«Бірақ сақтандыру полисіндегілер көлік жол апатына түссе ғана шығынды өтейміз деп «отказ» беріп жатыр. Енді білмеймін, қалай боларын. Соған көмегіңіз тисе деп едік», - деді ол.

Үкімет басшысы тұрғынның мәселесін қарастыруға уәде етті.

Айта кетейік, Жамбыл облысына берілген секторда халықпен кездескен Асқар Мамин қараша халыққа құрылыс жұмыстары бір айдың ішінде бітетінін айтты.

Асқар Мамин

«Бір айдың ішінде бүкіл жұмыс бітеді. Енді келеміз, апта сайын келіп тұрамыз тексереміз», - деді үкімет басшысы.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқ-дәрі қоймасы көшіріліп, енді ешқашан мұндай жарылыс болмайтынын тұрғындарға уәде етті. Өз кезегінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қаланы тазарту жұмыстары әлі де жүріп жатқанын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндеті екенін алға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі, 24 маусым күні, Түркістан облысы, Арыс қаласында ірі жарылыс болды. Әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстың себеп-салдары әзірге нақтыланбады. Министр бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Кінәлілер анықталса, оларға берілетін жаза – өте қатаң болатынын айтты.


"Біз де адамбыз, біз де өмір сүргіміз келеді": Арыстықтар жарылыстан кейінгі өмірі туралы (фото, видео)
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр