"Ашып айта алмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын көрсетті
Танымал актриса, киножұлдыз Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Өнер иесі жағдайы бірқалыпты, ешқандай ота қажет емес екенін жеткізді.
“Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйырса, ол да өз уақытымен. Сонымен уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).
Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", – деп жазды актриса.
-
"Еш нәтиже болмады": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатқызылды
-
"Екі қызым жылап қалды": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға қалай жеткізілгенін айтып берді
Айта кетейік, өнер иесі диагнозының таба алмай жатқанын айтқан еді.
Ем жалғасып жатыр. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым", – деді актриса.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/