Аша Матайдың толық кездегі суреті қызу талқыға түсті
Әнші, актриса, тележүргізуші... Бұлардың қатарына енді фитнес жаттықтырушы және инфобизнес маманы қосылды. Иә, сөз Аша Матай жайлы. Тележүргізуші енді арықтаудың қыр-сырын марафонда үйретпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Карантин басталған шақта, елімізде инфобизнес саласы қарқынды дамыды. Бүгінде Instagram-ды ашсаңыз, не көп, курс пен марафон көп. Білгеніңді өзгеге үйрету арқылы мол табысқа кенелуге болатынын бүгінде маркетологтар да жасырмайды.
Карантин қатты әсер етсе керек, өнер жұлдыздары да түрлі марафондар ұйымдастыра бастады. Мәселен, Аша Матай арықтаудың құпиясымен бөліспек.
Бұл ретте ол елдің назарын аудару үшін өзінің толық кездегі суретін жариялады. Алайда оқырмандар алғашқы сурет босанғаннан кейін немесе жүкті кезде түсірілген, ал ол кезде кез келген әйел ісініп, томпиып тұрады деп Ашаны қатаң сынға алды.
"Бір жақта екіқабат кездегі фотолар. Ол кезде адам, әрине, толық болады ғой", "Сәтсіз және сәтті кадрларды көрсету – көрсеткіш емес, арзан жарнама", "Екіқабат болсаң толасың, болмасаң арық боласың деген марафон бірінші рет көріп тұрмын", "Екінің бірі фитнес жаттықтырушы болып кетті. Айтарға сөз жоқ. Ешқандай құндылық қалмады. Елдің бәрі қандай да жолмен ақша тапқысы келеді", – деп сынады желі оқырмандары.