Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов туралы фильм ЭКСПО көрмесіне қойылмақ

«Шарайна – шындық шебері». Қазақ театры мен киносының корифейі Асанәлі Әшімов жайлы түсірілген деректі фильм осылай аталады. Режиссері – Бақыт Ғафу. Жаңа туынды өнер қайраткерінің 80 жылдық мерейтойына арналған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image-31

Деректі фильмде сахна шеберінің өнер әлеміндегі алғашқы баспалдағынан бастап, бүгінгі дәрежесіне дейінгі бүкіл жүріп өткен жолы қамтылған. Өнегелі өмір жайлы фильм Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне де қойылмақ.

Айна адамның шын мәніндегі кейпін өз көзіне бұра тартпай көрсетеді. Өзгеге жылтырап көрінгенімен, өзіңді алдай алмайсың. Сондықтан, ең бастысы адам болу керек. Актер болу үшін де алдымен адамдық қажет. Жаңа деректі фильмнің өне бойы осы пәлсафамен өрілген. Онда актер өнер әлеміне алғаш қадам басқан сәтін былайша әңгімелейді.

«Қыз Жібек», «Трансібір экспресі», «Атаманның ақыры» сияқты талай тамаша туындыларда басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімовтің сахна мен түсірілім алаңындағы елеулі еңбегі әлі күнге жалғасып келеді. Алайда өнерде жарқырап көрінгенімен, өмірде қайғылы сәттері жетерлік.

Сан қилы тағдыр қайраткердің бәрібір сағын сындыра алмаған. Өмір қайта жанданып, дүниеге кішкентай Асанәлі келді. Осының бәрін қамтыған картина басты кейіпкердің өзіне қатты ұнапты. “Менде бір 4-5 деректі фильм бар. Соның ішіндегі ең жоғарғысы. Ең шығармашылық жағынан сәтті шыққаны деп ойлаймын”, – дейді КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Асанәлі Әшімов қалың көрерменіне де, өз ортасына да сыйы артқан жан. Жанында жүріп, қойылымдарды бірге сахналаған іні әріптестерінің лебізі ерекше. “Мен Асекеңді мүлде басқа маман ретінде көре алмаймын. Сондықтан бұл кісінің көз жанары, ішкі жан дүниесі нағыз қазақтың актерінің бейнесі”, – дейді актер Болат Әбділманов.

Өнер майталманының 80 жылдығына арналған деректі фильм ЭКСПО халықаралық көрмесіне қойылмақ. Сондай-ақ, алдағы бір ай көлемінде Алматыдағы барлық кинотеатрларда Асанәлі Әшімов фильмдерінің ретроспективасы өтетін болады.


Жіберіп алмаңыз:

Димашты Қазақстандағы Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады

Мейрамбек алғаш рет ұл-қызын бейнебаянға түсірді (видео)

Алты айдан бері ізбасарларына ат таппаған «Музарт» әншілері өзара келісе алмай жүр

Майғазиев: Ағам қайтыс болған кезде, мен сахнада ән айтып тұрдым

Талқылау