AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асан Пердешов әйеліне қол көтергендіктен ажырасқанын мойындады

«Қара қызым» әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған әнші Асан Пердешов әйелімен ажырасып кеткенін, енді екінші рет үйленуге асығып жүргенін айтты.

18095107_1113548445457126_2374792318239637504_n

КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасына берген сұхбатында Асан жұбайын шапалақпен тартып жібергенін, дәм-тұздары жараспағандықтан айырылысып кеткендерін мойындады, деп жазады Stan.kz.

«Жеке өмірді негізі ешкіммен бөлісе бермеймін, бірақ бойдақпын. Бұған дейін үйленгенмін, ұзын сөздің қысқасы, тұз-дәміміз жараспады. Содан айырылысып кеттік. Қазіргі таңда бойдақпын. Бірақ үйлену керек қой. Өмірге келген әр адамның мақсаты – артында ұрпақ қалдыру.

Алла бұйырса алдағы уақытта өмірлік жарымды жолықтырамын деген ойдамын. Жолығып қалатын шығар», – деді Асан ағынан жарылып.

Әнші әйел затына қол көтеруді құптамайтынын айтты. Десе де ашу үстінде бұрынғы жарын шапалақпен ұрып жібергенін мойындады.

«Қатты ашуланған кезде ұрған жоқпын енді, бірақ бетін қайтарсам деген ниетпен шапалақ көрсетіп дегендей… Әйел затына қол көтеру деген сөз – өз-өзіне қол көтеру деген сөз ғой. Сондықтан дұрыс емес деп ойлаймын. Ұрып ешкімді жеңе алмайсың», – дейді Асан.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай: “Намаз оқуыма ораза себеп болды”

Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр