Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ас бөлмесінде жерде жаттық": Алматыдағы атыс туралы куәгерлер айтып берді

Алматыда ер адам әйелімен ұрыс шығарып, артынша Алатау сити тұрғынүй кешенінің ауласында оқ атқан. Оқиға туралы куәгерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Оқиға түнгі 10-дар шамасында болған. Атылған мылтықтың дауысы, көліктің дабылы Алатау-Сити тұрғындары мен осында жұмыс істейтіндерді орындарынан тұрғызған. 

“Жұмыста отырғанбыз. Қатты дауыс шықты. 03:40 Біраздан кейін у шу болып кетті. Біреу атысып жатырғой деп терезеден қарап қалсақ мына жерде бір топ адам. Қызықтың бәрі артта болып жатыр. Сомен шықтық көрейік деп. 3 сағаттай ұстай алмай жүрді ғой ананы. Ұстағанда да әрекет жасаған жоқ”, – дейді қала тұрғыны Ардақ Ермеков.

Куәгерлердің айтуынша, иығына қару асынып алған ер адам арлы-берлі жүріп, бірінші оқты әуелі аспанға атқан. Не үшін екені белгісіз. Бәлкім, жүзін көрсеткісі келмеді ме екінші оқты бейнебақылау камерасына атып, тас-талқанын шығарған. Сөйтіп, қолындағы оқ толы қорапты осында қойып, мына орындықта біршама уақыт отырған.

Айдың, күннің аманында мылтық ұстап тұрғындардың үрейін ұшырған күдікті жалпы осы аулада үш сағаттай емін-еркін жүріпті.

Мәселен, Нұржамал Шәукерова дүрсілді естіген бойда немере, бала-шағасымен бірге жерге жата қап тығылыпты. Өйткені, қару кезенген азамат дәл үйінің алдында оқ атып, 2 сағат жүрген.

“Біз бәріміз ас бөлмесінде жерде жаттық. Кәдімгі еденге жатып, 2 сағат бойы балаларымның бәрі қорқып, жылады. Содан кейін менің қызым шығып бара жатыр екен, мына кісі үйге кіре бер деп айтыпты. Мына кісі мылтықты қолына ұстап отырған. Менің көзім көрмегенғой. Үйге кіргенде атылғаны жақсы болды. Содан екі сағаттай болды. Милициялар мен спецназдар келді. Әзер ұстадығой бұл кісіні”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Нұржамал Шәукерова.

37 жастағы ер адам тауар тасушы болып жұмыс істейді екен. Көршілерінің сөзінше, алыс жолдан үйіне келген ол бірден әйелімен жанжалдасып қалыпты.

“Терезеден қарасам мына орындықта отыр екен. Қолындағы жанағы қаруы бар. Бірақ, екі адам ерлі зайыпты қыз бен жігіт өтті жанынан. Ол ешкімге тиіскен жоқ. Одан кейін тағыда бір екі адам өтті. Тиісіп, сес көрсетіп ондай ешнәрсе болған ждоқ. Тып-тыныш отырды. Адамдар жанынан өтіп жатты. Ортақ чаттан оқыдым, дальнобойщик болып жұмыс істейді екен. Әйелімен ұрысып қалыпты деп”, – дейді қала тұрғыны Клара Таменова.

Атыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір түн ортасында оқ атқан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, Алматыда ер адам әйелімен жанжалдан кейін атыс шығарған.

Талқылау