Алматыда ер адам әйелімен жанжалдан кейін атыс шығарған (видео)
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам атыс шығарған. Оқиға Алатау ауданындағы Дарабоз шағын ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар түсірген видеодан ер адамды ұстау үшін арнайы жасақ жұмылдырылғанын көруге болады.
Куәгерлер ер адамның қолында тегіс ұңғымалы қару болғанын айтады. Ал полиция департаментінің өкілдері сағат 22:00-де 102 нөміріне қару асынған азамат туралы ақпарат келіп түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның мұндай қадамға баруына әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды