"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинсктегі өртенген пәтерден табылды
“АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден табылды. Мәйітте пышақ іздері бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Патриот Telegram-арнасының мәліметінше Ирина Эм 54 жаста болған. Мәйіті Жеңіске 40 жыл көшесіндегі пәтерді сөндірген соң табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша қылмысты жасыру үшін өрт қойылуы мүмкін. Оның өлімі мен мамандығы арасындағы байланыстың бар-жоғын тергеу анықтайды", – делінген хабарламада.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті пәтерде жиһах бен үй заттары өртенгенін хабарлады.
"Өрт болған жерле 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. ТЖД қызметкерлері тоғыз адамды эвакуациялады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толығымен сондірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрт себебі анықталып жатыр", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Заңгердің өлімінен кейін полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғады. Қазір қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр.