Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өкілі шахтадағы апатқа қатысты пікір білдірді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов "Ленин" шахтасында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арман Қалықов

Арман Қалықов газ-дренажды ұңғыманы бұрғылау кезінде зиянды қалдықтардың шыққанын мәлімдеді. 

"Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 9 адам зардап шекті, қазір 4 адам ауруханада. 5 адам көз жұмды. Қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Опат болған жұмысшылардың туыстарына және әріптестерімізге қайғыра көңіл айтамыз", – деді ол. 


Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты


Компания өкілінің сөзінше, көз жұмған жұмысшылардың отбасыларына тиісті көмек көрсетіледі. 

Ал зардап шеккендер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала диагноз – метаннан улану. Екі адам токсикология бөліміне ауыстырылса, екі жұмысшы түрлі жарақаттар алған. 

Айта кетейік, бүгін түнде “Ленин” шахтасында төтенше жағдай болып, 4 жұмысшы көз жұмған еді. Кейін облыс әкімдігі тағы бір кеншінің мәйіті табылғанын мәлімдеген. 

Талқылау