Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арселор Миттал Теміртаудың" Қазақстандағы активтері Ресей компаниясына өте ме – Министрліктің жауабы

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Арселоар Миттал Теміртау" компаниясының орнына ресейлік "Северсталь" компаниясы келеді деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Лакшми Митталдың Қазақстандағы активтерін ресейлік "Северсталь" компаниясына беру туралы мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Жоқ, олай емес. Ресейлік компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.  Тағы да түсіндіріп айтайын, ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ", – деді бірінші вице-премьер Ақордада тілшілер сұрағына орай.

Сондай-ақ Роман Скляр әзірге инвестор қай елден келетінін айту ерте екенін атап өтті.

“Шынында да, компанияның жөндеу және инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар. Болып жатқан қайғылы оқиғалар бізді алаңдатпауы мүмкін емес. Жұмыс істей алатын және тиімді инвестиция сала алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, ерте болады”, – деді бірінші вице-премьер Скляр.
 

Талқылау