"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында ірі көлемде өрт шықты
Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да ірі көлемде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"28 наурызда сағат 15:36-да «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Саран шахтасынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт транспорттық таспа және іші ағаш қаптамалы аумағындағы технологиялық кешеннің екі галериясынан шыққан. Салдарынан биіктігі +24 және +27 метрлік 2 галерея құлады. Өрт сағат 16:53-те ауыздықталды. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 350 шарты метрді қамтыды", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған департаменттің мәліметінше, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
"Өрт орнында төтенше жағдайды жою жұмысы жалғасып, оның себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды