Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арон Атабектің неден көз жұмғаны белгілі болды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы саяси тұтқын Арон Атабектің коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейіін Арон Атабектің асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтауынан көз жұмғаны айтылған. 

“Ағымдағы жылдың 5 қазанында дәрігерлік бригаданың тексеруінен және КТ растауынан кейін А. Едыгеевке "Аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция" диагнозы қойылды. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Содан кейін жекеменшік емдеу мекемесінде ем алған. Оның №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен бас тартқаны туралы құжаттық негіздеме бар. 

Бұдан соң А. Едігеев ағымдағы жылдың 14 қазан күні  "МККО" ЖШС жансақтау бөліміне "Өте ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозымен ауыр халде түсті. "МККО" ЖШС клиникасына түскен сәттен бастап А.Едігеев қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы емдеу бригадасымен тұрақты байланыста болды, қажетті консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді”, – деді басқармадан. 

Айта кетсек, Арон Атабек кеше, 24 қазанда дүниеден озды.  Ол 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. 

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Талқылау