Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнайы жасақ жүр: Маңғыстауда West Oil Software мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары талап қойып, ереуілге шықты

Дүйсенбі 11 желтоқсанда Маңғыстауда “West Oil Software мұнай” сервистік компаниясының жұмысшылары "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ құрамына қосылуды, бірыңғай жалақы жүйесін енгізуді және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мангистау забастовка

2022 жылдың 5 қазанында кәсіпорын жұмысшылары "ҚазМұнайГазда" бар еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуді, сондай-ақ оларды ұлттық компанияның штатына қосуды және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап еткен. Содан бері олардың еңбек дауы бір жылдан астам уақытқа созылғанымен, мәселе сол күйі шешілмеген.

Олар кешке де тарамайтынын, аязға қарамастан көшеде тұратынын хабарлаған. Жұмысшылар жиналған жерге полиция келіп, палатка құруға тыйым салған.

“Біз, Маңғыстау облысындағы “West Oil” жұмысшылары бұған дейін заң аясындағы талаптарымызды қойдық, бірақ ол орындалған жоқ. Осы талаптарды орындамағандықтан, біз конституциялық құқығымызды пайдалана отырып, төтенше шаралар қолдандық, атап айтқанда, бүгін, 11 желтоқсанда көшеге шықтық”, – дейді мұнай өнеркәсібінің өкілі сенбі күні желіде тараған видеода.

Жұмысшылардың сөзінше, 27 адамды сотқа шақырған.

Мұнайшылардың жаппай наразылығы болған жерде қауіпсіздік күштері өкілдерінің киімін киген адамдар бейнеленген видео да таралуда. Таратылып жатқан видеоның сипаттамасында бұл адамдарды "арнайы жасақ" деп атайды.



Маңғыстау облысының еңбек инспекциясы West Oil Software жұмысшылары қойған үш талаптың екеуі - еңбек дауы емес деп мәлімдеп, ол жөнінде ескертілгенін айтқан. Бұл ақпаратқа қарағанда, жұмысшылардың бір талабы орындалған, сондықтан ереуілге шығу туралы шешім - еңбек заңына тура келмейді.

“Бөлім басшысы аталған кәсіпорын қызметкерлерінің талаптары бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді. Бұл талаптар дауды шешу мүмкіндігін қарастыру үшін құрылған келісім комиссиясы мен еңбек арбитражының отырысында қаралды. Атап айтқанда, үш талаптың бірі – көліктер мен арнайы техникаларды жаңғырту "ҚазМұнайГаз" және "Мұнай көлік корпорациясы" компанияларының өкілдерімен бірнеше рет талқыланған. 16 қарашада өткен еңбек арбитражының отырысында көпшілік дауыспен "ҚазМұнайГаз" компаниясы ұсынған бағдарлама бойынша көлік техникасын жаңарту талабын қанағаттандыру туралы хаттамалық шешім қабылданды”, – дейді еңбек инспекциясы.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы теміржолшылар да еңбек жағдайын жақсартып, басшылықтың отставкаға кетуін талап еткені белгілі болды.

“Бейнеулік теміржолшылардың талабын қолдаймыз", - дейді жаңаөзендік теміржолшылар таралған видеода.

Бұған дейін Бейнеудегі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚТЖ) қызметкерлері тарапынан қысым көрсетіліп жатқанына шағымданып, басшысын жұмыстан шығаруды талап еткен болатын.

West Oil Software мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін компанияда 500-ден астам адам жұмыс істейді. Компания мұнай өндіруші компанияларға көлік-логистика, сондай-ақ басқа да кәсіби қызметтерді көрсетеді.

Талқылау