"Алаяқтар арнайы файлдар жібереді": Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады (видео)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қазақстан азаматтарына мессенджерлерде сақ болуды ескертеді. Алаяқтар WhatsApp, Telegram және тағы басқа желілерде жалған ақпарат таратып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iStock
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, алаяқтар WhatsApp, Telegram арақылы агенттіктің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттармен тіркеліп, жалған ақпарат таратып жүр. Олар ведомствоның символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.
“Жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен ақпараттар алған жағдайда Құқық қорғау органдарына дереу хабар беруді сұраймыз”, – деп дабыл қақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.
Бұған дейін қазақстандық полицейдің ауылдастарын алдап 31 миллион теңгелерін иемденгені туралы жазған едік.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді