Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения Палестинаның тәуелсіздігін ресми мойындады

Арменияның сыртқы істер министрлігі Палестинаның тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді. Ереван халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына адалдығын растайтыны атап өтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Global Look Press

“Халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына адалдығын растай отырып, Армения Республикасы Палестина мемлекетін мойындайды”, – делінген материалда.

Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыс мемлекетінің тәуелсіздігін Ирландия ресми түрде мойындаған еді. Дублиннің шешімін Норвегия билігі де қолдап, кейінірек оларға Испания және басқа елдер қосылды. Палестиналықтардың егемендікке негізгі құқығы Таяу Шығыстағы бейбітшіліктің кілті екені атап өтілді.

Израиль сыртқы істер министрі Израиль Кац өз кезегінде екі елдің Палестинаны тану туралы шешіміне байланысты Ирландия мен Норвегиядан елшілерді консультациялар үшін шақыртып алғанын хабарлады. Министр елдер зардап шегетінін түсіндірді.



БҰҰ бас ассамблеясы палестиналықтардың әлемдік ұйымға толыққанды мүше болу құқығын мойындайтын қарар қабылдаған еді. Бұл дауыс берген бірқатар елдердің Палестинаның тәуелсіздігін қолдағанын нақты растады.

Еске салайық, халықаралық соттың Израильді Рафахқа шабуылын тоқтатуға міндеттейтін шешіміне қарамастан, израильдік армия қаладағы операцияларын жалғастырып жатқанын жазған едік.

Талқылау