Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арманымның күл-паршасы шықты”: Әлем чемпионы болған қазақстандық боксшы 23 жасында мансабын аяқтауына кімдердің кінәлі екенін айтты

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 23 жасында спорттан кететінін мәлімдеді. “Спортшыға деген төмен қарым-қатынас жайлы” және “жүйе ішіндегі тәртіпсіздік” туралы айтқан спортшының мәлімдемесінен кейін Қазақстан бокс федерациясы да өз нұсқасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Надежда бокс

Olympic.kz

Мансабының аяқталғанын айтқан Рябец өзінің мәлімдемесінде “өмірінің ең жарқын жылдарын жоғалтқысы келмейтінін” жеткізген.

“Маған спортпен қоштасу өте қиын болды. Бұған спортшыға деген төзгісіз қарым-қатынас, бұзылуы өте қиын жүйенің ішіндегі хаос әсер етті. Қазіргі басшылық – менің кәсіби мансабымдағы сегіз жылдың ішіндегі ең жаманы. Қыздардың бірін командадан шығарып жіберді. Тағы біреуі азаматтығын ауыстырды және басқа елде ойнайды. Бірақ мен жай ғана кетуді шештім, олар менің осындай шешім қабылдауыма ықпалдасты. Өзін-өзі сыйлайтын ешбір спортшы осынша қорлықтан кейін мансабын жалғастырмайды. Қазір мен өзім үшін жайлы күйдемін, мен күн сайын дамып, өмірімді жақсартып жатырмын. Ал арманым ше? Арманымның күл-паршасы шықты”, – деп мәлімдеді спортшы.



Рябец сөз соңында өзінің спортқа “тәртіп орнаған кезде” қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Надежда Рябецтің сөзіне пікір білдірген Қазақстан бокс федерациясы Петропавлда 2023 жылғы Спартакиаданың финалында Рябецтің Наталья Богдановаға қарсы жекпе-жегін жариялап, мынадай пікір қалдырған:

“Надежда Рябец пен Наталья Богданова арасындағы жекпе-жектің толық нұсқасы. Кесілмеген және өңделмеген. Чемпион болу үшін көп жұмыс істеу керек”. 

Талқылау