Арман Қоңыр мен Аша Матай үйленгендеріне 7 жыл толғанын атап өтті
Бір кездері ел ажырасты деп шуласқан Арман Қоңыр мен Аша Матайдың шаңырағында қуаныш. Жұлдызды жұптың отау құрғанына 7 жыл толған. Осы ретте Арман мен Аша оңашада романтикалық кешкі ас ішіп, әсерлі сәттің кадрларын желіде жариялады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның үстіне оқырмандар Ашаның төркіндетіп жүргенін жиі байқайтын. Алайда бұған қатысты Арман да, Аша да көпке сыр білдірген жоқ. Біраз уақыттан кейін елдің көзіне бірге түсіп, қайта қосылғандарын көрсетті.
Ал күні кеше екеуінің отауласқанына тура 7 жыл толған. Осы ретте Арман мен Аша оңашада романтикалық кешкі ас ішіп, әсерлі сәттің кадрларын желіде жариялады.
"7 жыл 25 жылдай зулап өте шықты", – деді Арман Қоңыр қалжыңдап.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады