"Арман екеуміз жылап қала бердік": Аша Матай отбасындағы ауыр қайғыны бөлісті
Танымал өнерлі жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасы қайғы жамылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/
Арманның әкесі 62 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
“Қадірменді менің оқырмандарым! Біраз уақыт парақшама ештеңе салмай, тіпті кірмей кеттім. Жанұямызда қабырғамызды қайыстырған, қайғылы оқиға болды. Көңіл-күйім мүлдем болмады. Жұбайым Арманның әкесі, мені жақсы көретін және мен жақсы көретін, сыйлайтын аяулы Атам (келіні атасының атын атамайды ғой) мезгілсіз қайғылы оқиғаға ұшырап өмірден өтті. Менің жанашырым еді. Маған туған әкемдей болған тірегім еді… Амал қанша, қимас жаннан айрылып Арман екеуміз жылап қала бердік. Әлі есімді жия алмай жүрмін, қиын… Әкеміздің жаны жәннатта болсын, арты жақсылық болсын деп Құдайдан тілеймін”, – деп жазды әнші.
-
Алматыда Храпунов заңсыз иемденген ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды
-
"Авиакассаға 800 мың теңге қарыз болдым": Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиын сәтін есіне алды
Өнер иесінің күйеуі, әнші, музыкант Арман Қоңырбаев та әкесіне сағыныш жазбасын жариялады.
“Қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, Әке”, – деп жазды әнші.