"Арқалап апарған": Қырғыз қызына көмектескен қазақстандық спортшының видеосы желі қолданушыларын сүйсіндірді
Қазақстандық спортшы қыздың видеосы Қырғызстанда үлкен танымалдыққа ие болды. Қырғыз қызы аяғын жарақаттап алғанда қазақ қызы қонақүйге дейін арқалап кіргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Моңғолияда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова финалда қарсыласынан жеңіліп, аяғын жарақаттап алады.
Осыған байланысты ол марапаттау рәсіміне қатыса алмайды.
Бейнежазба кадрларынан қазақстандық спортшының жарақат алған Айсұлуды қонақ үйдегі бөлмесіне дейін көтеріп алып бара жатқанын көруге болады.
- Екі аяғы болмаса да, такси жүргізіп жүрген қазақстандық халықты таңғалдырды
- Шымкенттік такси жүргізушісі әр жұма сайын зейнеткерлерді тегін тасиды
Желі қолданушылары жазбаны астына жүздеген пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірген. Олар спорттың адамдарды біріктіріп, халықтар арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өткен.
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"