Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік такси жүргізушісі әр жұма сайын зейнеткерлерді тегін тасиды

Шымкент қаласының тұрғыны 52 жастағы Асан Боқаев аптаның әр жұмасында егде жастағы адамдарды қалаған жерлеріне тегін жеткізеді. Қайырымды істі екі жылдан бері жасап келе жатқан ол қарияларға көмек қолын созу қажет екенін айтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асан Бокаев

Бұрын ер адам әртүрлі жұмыс істеп, базарда көмір сатқан. Алайда ауыр жұмыс денсаулығына әсер етіп, Асан инсульт алып қалады. Қайта оңалтудан өткен қиын кезеңде ол қарттарға көмектесу керек екенін түсінгенін мойындайды.

"Мен инсульт алып қалдым. Қайта оңалтудан өту кезеңінде маған бір ой келді. Сол сәттен бастап зейнеткерлерді тегін тасуды шештім. Бірақ жастардан ақша аламын. Себебі май-пұлыма да қаражат қажет", - дейді Асан Боқаев.

Жолаушылар болса үлкен жетістіктерге апарар жол жақсы істен басталатынын айтып, басқа жүргізушілер Асаннан үлгі алады дем үміттенеді.



"Мен бұрын такси жүргізушілері адамдарды тегін тасиды дегенге сенбейтінмін. Кейін жүргізушінің адамдарды ауруханадан тегін тасып жүргенін өз көзіммен көрдім. Асан Боқаевты Шымкенттің көп тұрғындары біледі. Мен жұма күні Асанды күтіп тұрып, сонымен кететін адамдарды көрдім. Қазақстанда мұндай кең жүректі адамдардың саны арта түседі деп ойлаймын", - дейді шымкенттік тұрғын Ақназар Арыслан.

Асан Боқаев бір күнде 30-ға жуық зейнеткерді тегін тасиды. Өзінің айтуынша жасаған жақсылығынан көңілі көтеріліп, жаңа серпін алады екен.

Ал жақсылық жасау үшін жұма күні кездейсоқ таңдалмаған. Бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті күн саналады. Шымкент қаласының қарт тұрғындары тегін таксиге облыстық эндокринологиялық диспансерге қарама-қарсы тұрақта отыра алады.

Талқылау