Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқа сүйейтін азаматты іздейсің": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті

Белгілі әнші, өнері мен өмірі жиі талқыға түсетін Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құруға қатысты ойын “Мамский әңгіме” подкастында баяндап берді. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесінің екі некесіз де сәтсіз болып, бүгінде екі баласын жалғыз өзі бағып отыр. Алайда жалғыздықтан шаршағанын жасырмады. 

“Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. "Мен сүріндім, мені тастап кетті" дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой. "Өзім" дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Одан кейін эстрада жұлдызы жұмыстың бәрін азаматына артып қойып, өзі еркелеп жүргісі келетінін айтты. 

“Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты", – деді өнер иесі. 

Айта кетейік, әнші ұлына 60 миллионға пәтер сыйлағанын жазған едік. 

Сондай-ақ әнші күйзелісте жүріп, өзіне қол жұмсағысы келгенін де жасырмаған еді. 

Талқылау