Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы дүние салды
Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күлімхан Жүндібайқызы 80 жастан асқан шағында о дүниеге аттаныпты. Ол Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Еңбек ері, "Күміс алқа" медалінің және ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері Күлімхан әжейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 қаңтарда өтеді.
"Күлімхан Төлендиева денесін 7 қаңтар күні Алматы облысы Қырғауылды ауылына жер қойнауына тапсырады", - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қызметкерлері.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"