Арыста үйінен қашып кеткен 15 жасар қыз Шымкентте жалдамалы пәтерден табылды
Арыста үйінен қашып кеткен 15 жасар қыз Шымкентте жалдамалы пәтерден табылды. Полицейлер жоғалған қызды тауып, анасына жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың 26 мамырында сағат 10:00 кезінде әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов өзінің белгіленген аумағында жұмыс атқару кезінде жалдамалы пәтерде 2006 жылғы жасөспірімнің жалғыз тұрып жатқанын анықтаған.
Сұрастыру барысында Түркістан облысы Арыс қаласынан жасөспірім өз үйінен кетіп қалғанын айтып түсіндірді. Содан соң тәртіп сақшысы жасөспірім қыздың ата-анасының ұялы телефонына хабарласып, анасына дін-аман табыстады. Өз кезегінде жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрып-соғып қашып кетті
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті