Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс тұрғыны мемлекеттен көмек алу үшін өз үйін бір түнде балтамен қиратып шыққан (видео)

Арыс қаласының тұрғыны мемлекеттен көмек ақша алу үшін өз үйін балтамен қиратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

үй

Дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында екі видео жариялады. 

«Ашкөздік адамды не нәрсеге жеткізуі мүмкін? Төле би көшесіндегі 183-үйде тұратын Арыс қаласының тұрғыны өз үйін бір түнде балта және сүйменмен қиратып шықты. Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген. Бұл кезде үй иесі оларды үйді жөндеп беру туралы ұсынысымен келіспеген еді. Ол жарылыстан үлкен зақым келді деп үйді толықтай қиратуды талап еткен болатын. Саналы түрде өз мүлкіңді қирату – шектен шыққандық», - деп жазды Қалқаманов. 

Арыс қалыпты өмірге 20 тамыз күні қайта оралуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Арыста жарылыстан кейін қираған үйлерді қалыпқа келтіру бір айға созылатыны туралы хабарлаған едік. 


Тағы оқыңыз >>> "100 миллионнан асады": Арыс тұрғыны шығынын өтемесе, сотқа жүгінетінін айтты
Талқылау