Арыс қаласындағы наубайхананың бірінде жарылыс болды: Қаза тапқандар бар
Арыс қаласында наубайханадағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр. Оқыс оқиға қала орталығында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Әуелі наубайхананың бір бөлігінен от шығып, жалыны ғимарат ішіндегі газ баллонын шарпыған. Бұл кезде нан пісіретін жерде Өзбекстаннан келген екі жұмысшы болған екен.
Олар газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. Соның салдарынан қатты қызған газ баллоны жарылып, ғимараттың 300 шаршы метрі қирап қалған. Денесінің 70%-ын күйік шалған 39 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Ал денесінің 35%-ы күйген 25 жастағы екінші жұмысшы ауыр хәлде жатыр.
"Әйел бүгін сағат 13 шамасында жарақатының ауырлығына байланысты жан тапсырды. Ер баланың жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр”, – дейді Арыс орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Тәжіметов.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен