Арыққа итеріп жіберген: Алғашқы кездесуде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне кінәлі ер адамға шыққан үкім кұшін жойды
Алматыда алғашқы кездесуде көз жұмған бойжеткеннің ісі бойынша апелляциялық сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Nemolchi
Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты. Жігіт оның телефонын тартып алып, онымен бір жерге баруға мәжбүрлеген. Оның арты төбелеске ұласып, оны қатты итеріп жіберген, салдарынан Айнагүл бетон шұңқырға құлап, сол жерде жан тапсырған.
Жігіт жедел жәрдем немесе полиция шақырудың орнына оны тастап кетіп қалған. Аудандық сот жігіт абайсызда өлтірді деп, оны небәрі 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Енді сотқа апелляциялық шағым түсіп, Алматы қалалық соты істі қайта тергеуге жіберді. Апелляциялық сот бойынша 6 мамырда сот отырысы басталады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда алғашқы кездесуде көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты сот үкімі шыққаны айтылды.