Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"PersonaJ" жобасы: Режиссер Қуаныш Бейсеков пен Jusan ауыл балаларының шығармашылығын шыңдауда

Қазақстан – өз шығармашылығымен тек отандастарымызды ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын тәнті еткен таланттыларға бай мекен. Дарынды жандар еліміздің атын күллі әлемге танытуға өз үлестерін қосуда. Jusan өнерлі қазақстандықтарды қолдау мақсатында “PersonaJ” жобасын қолға алған болатын. Соның арқасында олар шығармашылығымен бөлісіп қана қоймай, өздері секілді жастардың қатарын арттыруға сеп болуда.

"PersonaJ" – Jusan-ның  креативті экономиканы қолдауға бағытталған  бағдарламасы шеңберінде жариялаған жобаларының бірі. Банк бүгінде танымал режиссерлермен, әнші, дизайнер және басқа да мәдениет қайраткерлерімен бірігіп, жемісті жұмыс жүргізіп жатыр. Бір ай көлемінде осы айдардың кейіпкері өз саласы бойынша креативті әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырады. Ал жобаның сәтті өтуіне Jusan атсалысады.  Өйткені банк стратегиясының негізгі қағидасы – әрбір қазақстандыққа деген сенім.  Дарынды жастардың талантына, мүмкіндігіне сенім арта отырып, олардың әрі қарай дамуына, жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне жағдай жасалып отыр.

“PersonaJ" – банк пен армандарына берік болып, жетістікке жеткен тұлғалардың  бірлескен жобасы. Бізге мұндай адамдар шабыт сыйлайды, олардың тәжірибесін көрсету арқылы басқаларға үлгі болғымыз келеді. Жобаның “фишкасы” – банк пен кейіпкердің атсалысып, қоғам үшін пайдалы өнім дайындауы”, – дейді Jusan-ның маркетинг және PR жөніндегі басқарушы директоры Олегжан Бекетаев.

Ұйымдастырушылар айдар кейіпкерлеріне қойылатын талаптар бар екенін атап өтті: өз ісінің шебері, көзі ашық, көкірегі ояу, шығармашыл қазақстандық “PersonaJ” кейіпкері атануға мүмкіндік алады.

Мәселен, шілде айының қонағы болған танымал режиссер Қуаныш Бейсеков жоба аясында Алматы облысындағы ауыл балаларына фильм түсіру және өңдеу бойынша бір аптаға созылған “Кел, балалар, оқылық” атты шеберлік сағаттарын өткізген болатын. Мұнымен қоймай, ол жас тәлім алушылармен бірге сабақ қорытындысы ретінде әнші Еңлік Құрарбектің (тамыз айының “PersonaJ-ы”) жаңа туындысына бейнебаян түсірді. Ерекше жобаның арқасында ауыл балалары армандарын орындап, өздерін әрі актер, әрі режиссер, әрі оператор және сценарист ретінде сынап көрді.

Өз кезегінде Қуаныш Бейсеков ауыл балалары үшін мұндай жобалардың маңыздылығы орасан зор екенін атап өтті. 

“Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде бар екенін белгілі. Бірақ өз басым режиссерлік, операторлық және актерлік дағдылар үйретілетін тегін шеберлік сағаттарын кезіктірмеппін. Одан бөлек қалада мұндай мүмкіндіктер жетерлік, алайда ауыл балалары құралақан қалып жатады.

Жобаға қатысқан әрбір баланың көкейінде қуаныш, мақтаныш сезімдерін ояттық деген үміттемін. Бұған қоса бұл бастаманың оларға ерік-жігер сыйлап, мақсатына сүрінбей жетуіне арқау болары анық”,  – дейді режиссер жоба жайлы. 

Айта кетсек, “Кел, балалар, оқылық” жобасы қазан айының басында өткен ортаазиялық Red Jolbors коммуникациялар фестивалінде жүлделі болды. Осы жоба аясында түсірілген деректі фильм Social, public service video номинациясы бойынша жалғыз жүлде – қола иеленді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бұл номинацияда тек бір ғана жүлде болды, алтын және күміске лайықты жобалар болмады. Бұл тұрғыда осымен 11 рет қатарынан өткізілген халықаралық шараға шетелдік жарнама мамандары, Cannes Lions және Effie Europe жүлделері сынды кәсіби марапаттардың лауреаттары қазылық ететінін атап өткен жөн. Қазылар алқасын 20-дан астам Канн арыстандары сыйлығының  иесі, Darwin BBDO ұйымының креативті директоры және басқарушы серіктесі Конрад Лефевер басқарды.

Осы керемет жоба дәстүрге айналып, жақында Тараз қаласында актерлік шеберлік пен көлеңке театры негіздері бойынша оқу ұйымдастырылды. Нәтижесінде тараздық балдырғандар мен Қуаныш бірігіп деректі фильм түсірді.

Режиссермен сұхбаттың видеонұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

ҚР  ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау