"Арасында жүкті әйел де бар": Атырау облысында ұстаздарға мектепті ақтатып, сырлатып қойған
Атырау облысының Қызылқоға ауданынағы Шүкір Еркінов орта мектебінде мұғалімдер мектепті ақтап, сырлап жүр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасына ұстаздардың жұмыс сәтіндегі суреттері мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Ол мектептің қай қызметкері болсын мұндай жұмысқа салынбауы керек деп, мәселе көтерді. Бұл жерде жүкті әйелдердің де барын атап жазған. Ол суреттер мен бейнежазбаларды қайдан алғанын көрсетпепті.
Ал Атырау облысы Білім басқармасы алғашында бұл жағдайды естімеген сыңай танытқан.
«Бұл мәселе бойынша облыстық Білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріске мамандар нақтыланып, тағайындалды. Комиссия тексеріске кетті», – дейді Атырау облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.
Мұндай жағдай елміздің мектептерінде өкінішке қарай, әлі де бар. Ал мұғалімдер мен мектептің өзге де қызметкерлері өз құқықтарын қорғап қалуы некенсаяқ.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды