Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арақ ішіп болған соң, құран оқитынға келтіріп қойды": Динагүл Тасова өзін қарабет қылған журналистерге ренжулі

Сән сахнасында төсін ашып, қазнеттің ашуына тиген Динагүл Тасова қазіргі таңда көшеде емін-еркін жүруден қалған. Басты себеп – жалаңаштануында емес! Осыдан біраз уақыт бұрын «Арақ ішемін және құран оқимын» деп сұхбат беруінде болса керек. Сәнбикенің сөзінше, ғаламторды шулатқан видеоның тақырыбы елді дүрліктіру мақсатында арнайы монтаждалған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.    

динагул

«Мен сол сұхбаттан кейін ыңғайсызданып жүрмін. Екінің бірі маған қолын шошайтып айтатын болды. Мен ондайға қатты төзе бермейді екенмін. Сондықтан менің жүйке жүйеме кері әсерін тигізіп жатыр. Арақ ішіп болған соң, құран оқитынға келтіріп қойды. Негізі бұл дұрыс емес нәрсе. Сондықтан, халыққа дұрыс ақпаратты берсеңіздер. «Мен ғана құран оқуды білемін» - деп айта алмаймын. Қыз баланың құран оқып білгені өзіне жақсы. Мен құран оқуды білсем – хиджап киіп, дұрыс жолда жүру керек деген де сөз емес. Негізі «құран оқимын, арақ ішемін» деген монтаждалып қойылған», - дейді Динагүл Тасова.

Атышулы бикештің ашық-шашық образдан алшақтау жоспарында жоқ. Отандық дизайнерлердің тарапынан ұсыныс түссе, қос анарын тағы бір мәрте көпшілікке көрсетуге қарсы емес. Ал, ащы суға толықтай құмар болмаса да, анда-санда ұрттап қоятыны бар. 

«Ішімдікке келетін болсақ, мен жатып алып, таласып ішіп жүрмін деп айта алмаймын. Ондай жағдай жылына бір-екі рет болады. Бізде құрбылар бар кездесетін. Арақты тікелей өкіртіп ішем деп айта алмаймын. Вино ішетінім бар. Мен ішетін жерде – ішемін, күлетін жерде – күлемін, ойнайтын жерде – ойнаймын. Құран оқып білгенім өзіме жақсы. Өйткені, анам қайтқан, сіңілім қайтқан. Олардың басына барып құран оқып тұратыным бар. Үйде де оқи беремін. Біреуге жалынып отырмаймын. Жалғыздық барлық нәрсеге үйретеді екен. Құран оқи алмайтын еркектер бар. Оған қарағанда мені кешіріп қойсын, мен құранымды оқи аламын. Тіпті, құран оқу былай тұрсын, өзінің тегін, руын білмейтіндер де бар», - дейді атышулы сәнбике.

динагул

Бұрындары мешітке жиі бас сұғатын модель, қазіргі таңда аталған жерге баруды сиреткен. Динагүлдің бұл шешіміне себеп те жоқ емес. Алланың үйінде бикешті көрген көпшіліктің көзіне бірден жалаңаш төсті Тасова елестейтін көрінеді. Өйткені, жақтырмаған жұрттың жанарынан байқаған. Мұндай жағдайда желі жұлдызы өзін жайсыз сезінетін секілді. 

«Мешітке көзқарасым жақсы. Қазір бұрынғыдай көп бара алмаймын. Адамдардың көбі танып отырады. Ер адамдар мешітке көп барады. Танып жатқандары да бар арасында. Қолымнан келгенше көмегімді беріп тұрамын. Сондықтан, амалдардың барлығын үйде жасаймын. Нан пісіріп, құран оқып, ниеттеніп жүремін», - дейді Динагүл діни көзқарасы туралы.  
 

Талқылау