Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр 5 жыл сайын пәтер алған": Министр тұрғын үй кезегіне тұрудың шарттарын не себепті өзгертіп жатқанын түсіндірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үй кезегіне жаңадан тұрған азаматтардың соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек деген талаптың не себепті мерзімін  ұзарту туралы шешім қабылдағанын түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс кулуарында министр талаптың күшейуі ешқандай жаңашылдық еместігін айтты. 

"Баспана аларда азаматтар мемлекеттік қолдауды тек бір рет ғана пайдалануы керек деп есептеймін. Өйткені бізде кезекте тұрған қаншама азамат бар. Егер адамдар мемлекеттен қолдау алса, олар екінші рет өтініш бермеуі керек”, –  деді министр мәжіліс кулуарында.

Министр жағдай әртүрлі жағдайда өрбуі мүмкін екенін айтты. Сол себепті шектеу мерзімін 10 жылға белгілеу дұрыс шешім деді Шарлапаев. Егер азамат 10 жыл бойы мемлекеттен көмек алған болса, онда қайтадан кезекке тұра алмайды. 

"Өкінішке орай, мемлекеттен пәтер алу құқығына ие болған кейбір азаматтар осы бесжылдықты пайдаланып, қайтадан кезекке тұрып жатқандар да бар. Яғни олар әр бес жыл сайын баспана алып отырған. Осындай жағдайлар бар екенін анықталуда. Араға бес жыл салып бұл адам қайтадан кезекке тұрып жатқаны дұрыс емес. Өйткені баспанасын күтіп жүрген мүгедек балалар мен көпбалалы аналар алдында бұл әділетсіздік. Сол себепті біз шектеуді 10 жыл мерзімге белгілеуді ұсынып отырмыз", – деді министр.
  

Талқылау