Bank RBK қолдауымен өтетін әлем чемпионатында 135 елдің балуаны белдеседі

24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекенің серіктесі – Bank RBK. Әлемнің 135 елінен спортшылар қатысуға өтінім берген. Ересектер арасындағы күрес тарихында мұндай жоғары көрсеткіш бұрын-соңды тіркелмеген.
Чемпионат Қазақстанға әлемнің үздік балуандарын жинайды. Жанкүйерлер сүйікті спортшыларын өз елінде тамашалап, ұлттық құраманы қолдауға мүмкіндік алады. Ал Астанада халықаралық кестедегі ең басты спорттық додалардың бірі өтеді.
Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева Қазақстанда осындай ауқымды чемпионаттың өтуі ел үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.
"Қазақстан үшін мұндай ауқымды әлем чемпионатын қабылдау — үлкен мәртебе әрі мақтаныш. 135 мемлекеттің кіл мықтылары жиналатын дүбірлі бәсекеде Қазақстан әлемдік спорттың орталығына айналып, өзінің бай тарихы мен зор әлеуетін паш етеді. Bank RBK үшін елдерді біріктіріп, жас спортшыларға шабыт беретін және үлкен жеңістерге туған жерден бастап жетуге болатынына сенім ұялататын осындай маңызды шараның төрінен табылудың орны бөлек”, — деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
135 елден спортшылар қатысады
Биылғы чемпионат қатысушы елдердің саны жағынан бұрынғы көрсеткіштерден асып түсті. Бұған дейінгі рекорд 2011 жылы Ыстанбұлда өткен әлем чемпионатында тіркелген еді. Ол кезде жарысқа 102 елдің өкілдері қатысқан.
Ұйымдастырушылардың алдын ала есебінше, Астанада шамамен 1000 балуан белдеседі. Тоғыз күнге созылатын жарыста 30 салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынады.
Чемпионатқа спортшыларды, жаттықтырушыларды, ұлттық федерациялар басшылары мен делегация мүшелерін қоса алғанда, барлығы 2231 адам тіркелген. Сонымен қатар жарыс кезінде қалаға 10 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
Ал 23 қазанда Астанада United World Wrestling халықаралық күрес федерациясының конгресі өтеді. Оған әлемдік күрес қауымдастығының өкілдері қатысады.
Жас балуандарға шабыт беретін жарыс
Қазақстанның спорт мектептерінде 51 мыңнан астам бала мен жасөспірім күреске қатысады. Олар үшін әлем чемпионаты — әлемнің үздік балуандарын жақыннан көріп, ұлттық құрамаға жанкүйер болуға мүмкіндік беретін шешуші сәт. Мұндай жарыстар жас спортшылардың жігерін жанып, үлкен белестерді бағындыруға деген ынтасын арттыра түседі.
Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Окасов та әлем чемпионатының ел спорты үшін маңызы зор екенін атап өтті.
"Әлем чемпионатының Астанада өтуі — Қазақстанның бүкіл күрес қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Тоғыз күн бойы көрермендер жоғары деңгейдегі белдесулерді тамашалайды. Ал отандық спортшылар туған жердегі жанкүйерлердің қолдауымен медаль үшін күреседі. Күрестің тамыры тереңге жайылған. Ондаған мың баланы осы спорт түріне баулып отырған елде мұндай жарыстың ұйымдастырылуының мәні ерекше. Әлем чемпионатын жанкүйерлерге жақындатып, жас ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін серіктестігі мен қолдауы үшін Bank RBK-ға алғыс айтамыз", — деді Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Окасов.
Осылайша, Астанадағы әлем чемпионаты үздік балуандардың басын қосып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін танытуға және жас спортшыларға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2026 жылғы 15 шілдедегі №1.1.821.135 лицензиясы
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді