АҚШ Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысуы мүмкін бе: Трамп жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысуды қаламайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп Америкадан алыс жер үшін соғысқысы келмейтінін айтты.
“Біреу тәуелсіздігін жариялап, кейін АҚШ-тың 9,5 мың шақырым жерге барып соғысқа араласқанын қаламаймын”, – деді Трамп Тайвань мәселесіне қатысты пікір білдіріп.
Оның сөзінше, егер Тайвань тәуелсіздігін жарияламай, бәрі қазіргі қалпында қалса, онда Бейжің аралға шабуыл жасамауы мүмкін.
Оқыңыз“Біз ешкімгің “тәуелсіздік жариялайық, себебі АҚШ бізді қолдайды” дегенін қаламаймыз”, – деді Трамп.
Сонымен қатар АҚШ президенті Қытай мен Тайваньды сабырға шақырды.
“Тайвань да сәл сабыр сақтаса дұрыс болар еді. Қытайға да сабырлы болған жөн”, – деді ол.
Бұдан бөлек, Трамп Тайваньға 12 миллиард доллар көлеміндегі америкалық қару-жарақ жеткізу мәселесі әзірге кейінге шегерілгенін айтты.
“Әзірге бұл шешімді тоқтата тұрамын. Барлығы Қытайға байланысты. Шынын айтқанда, бұл келіссөздердегі өте мықты козырь”, – деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Қытайға іссапармен барып, өзімен бірге Маск және ірі технологиялық компания басшыларын ертіп жүрген.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды