Қарағанды тұрғыны басқа біреудің несиесін төлеуге мәжбүр
Қарағанды қаласының тұрғыны басқа біреудің 700 мың теңге несиесін төлеуге міндетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қанат Досмұханов өзінің борышкер екенін кездейсоқ білген. Банкке барған кезде оған кредит беруден бас тартып, қара тізімде екенін айтқан.
Белгілі болғандай, оның атына микрокредиттік ұйымнан көп пайызбен несие рәсімделген. Оқиғаға таңқалған Қанат өткен жылдың қыркүйек айында полицияға арызданған. Алайда, таяуда ол өзінің депозитінен 100 мыңнан аса теңгенің шегерілгенін білген.
"Сот орындаушысы бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын біледі. Микрокредиттік ұйым менің депазитімнен ақша алады және микрокредиттік ұйымдарға жібереді", - дейді Қанат Досмұханов.
Белгілі болғандай, Қанат жалғыз зардап шегуші емес. Бұл ретте, микрокредиттік ұйымның сайттарында 100 пайызға тең оң пікір қалыптасқаны көрсетілген. Компания Алматыда негізделген. Ал байланыс телефондарына хабарласу мүмкін емес.
Полицияда жарты жыл бұрынғы секілді тек бір ғана факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, Қанат Досмұхановтың айтуынша, ол бір орында тоқтап тұр, ал тергеушілер қайта-қайта ауысқан. Қанат полиция бөлімшесіне барудан шаршағанын атап өтті.
"Бұл ресейлік немесе шетелдік компания емес. Бұл біздің Қазақстанда, олар салық төлейді", - деді ол.
Сот орындаушысы болса, зардап шегушіні түсінетінін, алайда, оның басқа шарасы жоқ екенін атап өтті.
Оның сөзінше, мұндай жағдайларда, іс жүргізу әрекетін тоқтату үшін полиция тәркілеу хаттамасына сәйкес сот орындаушысын соттан шығаруы керек. Бірақ олар мұны істемеген.
"Сот шешімімен бұл қылмысты шынымен алаяқтар жасағаны анықталған кезде олар осы үкіммен азаматтық сотқа жүгінулері керек болады", - деді сот орындаушысы Азат Жалғасов.
Сот орындаушысы адамдардың несие алмағаны туралы өздері айтқан кезде білген. Бірақ тез сөзбен ешнәрсе дәлелденбейді, - дейді ол.
Қанат Досмұханов облыс әкімінен полиция қызметін бақылауға алуды сұрайды. Себебі, полиция басқармасы мен пропуратураға жүгінуі оған ешқандай көмек бермеген.