Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple компаниясы iPhone-да өшірілген фотолардың қайта пайда болуына қатысты қатені мойындады

Apple компаниясы iPhone құрылғысындағы бірқатар қателерді түзететін iOS 17.5.1 нұсқасын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Verge басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kosmogid.ru

Көтпеген желі қолданушылары жаңартуды орнатқаннан кейін олардың галереясында ұзақ уақыт бұрын жойылған фотолар пайда бола бастағанын хабарлады. Олар iPhone жадынан бірнеше айлар немесе жылдар бұрын жойылған фотоларды, соның ішінде интимдік фотоларды тапқанын айтты.



Жаңарту сипаттамасында сирек жағдайларда жойылған фотолардың қайта көрсетілу қатесі түзетілгені айтылды. Журналистердің айтуынша, компания өз жабдықтарындағы ақауды осылай мойындаған.

"Әрине, пайдаланушылар жаңартуды мүмкіндігінше тезірек орнатуы керек. Алайда қанша адамның жойылған фотоларға тап болу қаупі бары белгісіз", – деді басылым. 

Айта кетейік, бұған дейін Apple компаниясы iPhone-ға чат-бот функциясын енгізу үшін OpenAI-мен серіктестік орнатқаны туралы жазған едік. ChatGPT алдағы iOS 18 операциялық жүйесіне енгізілмек.

Талқылау