Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Апокалипсисті өткізіп алдық”: Теміртау мен Қарағандыда қар жауып, тұрғындарды таңғалдырды

Теміртау мен Қарағандыда қарФото: Желі кадрларынан скрин

Теміртау мен Қарағанды қалаларында қар жауды. Тұрғындар желіде сәуір айында күтпеген жерде жауған қардың видеоларын бөлісіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, түнде жауған қар таңертең жерді басып тастаған. Желіде жергілікті тұрғындар фото мен видеоларды бөлісіп, сәуірдегі ауа райын қызу талқылап, әзіл-қалжың айтып жатыр.

"Кім еді “жылуды өшіріңдер ыстық” деп шулаған? Міне сендерге!", "Мамырда да қар жауған, бізді таңғалдырмайды", "Қар жауғаны жақсы болды. Біріншіден, сәуірде бұл таңсық жайт емес. Екіншіден, Теміртаудағы шаңды басты, тыныстау жеңілдеді. Үшіншіден, жасыл шөптің үстіндегі ақ қар әдемі көрінеді”, "Біз ұйықтап қалыппыз, апокалипсисті өткізіп алдық”. “Тұрсақ айнала ақ қар", "Қарағандыда маусымда да қар жауған, таңсық емес", – деп жазды жұртшылық. 

Қарағанды облысының солтүстігіне суық ауа толқындары келген. Соның әсерінен жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде түскен.

Ал Астанада бұл жолы қар жаумады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 11:24