"АПОЭЛ"-мен тең түскен "Қызыл-жар" командасы Конференция лигасынан шығып қалды
Петропавлдың "Қызыл-Жар" клубы Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең түсіп, УЕФА Конференция Лигасындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

"Астана Аренадағы" қарымта ойында Әли Әлиев футболшылары Кипрдің АПОЭЛ командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Алғашқы тайм қауіпті сәттермен есте қалмады. Алайда ойынның 63-минутында алаң иелері есеп ашуға мүмкіндік алған. Валерий Каршакевичтің баспен бағыттаған соққысы қақпаның жақтауына тиді.
Апта бұрын Конференция Лигасының үшінші іріктеу айналымындағы алғашқы кездесуде кипрліктер өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан еді. Нәтижесінде АПОЭЛ турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, "Қызыл-Жар" өз тарихында тұңғыш рет еурокубок бәсекесіне қатысты. Ал екінші раундта қос матч нәтижесі бойынша Хорватияның "Осиегін" екі ойында ұтты.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

