"Әпкесінен бұрын босанған сияқты:" Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды
Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі алғаш рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында блогердің әпкесі Фариза Төреәлі ана атанған еді.
“Құрсағымда бір құлыншақ жатыр. Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бұл сезімді айтып жеткізу мүмкін емес сірә. Осы әлемдегі әр нәзік жандылар ана бақытын сезінсін деп шын жүрегіммен Алладан тіледім”, – деп жазған болатын блогер.
Тіпті блогер перзентханадан шыққан сәтін де жариялап та үлгерді. Динаның жолдасы жеке парақшасына видео жүктеп, “Ұлым” деп жазды.
Желі қолданушылары Динаның әпкесінен ерте босанғанын жарыса жазып жатыр. Бұл туралы блогердің өзі жақ ашпады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан