“Әпкеміз нағыз патриот”: Желіде денесіне Қазақстан туының символдарымен татуировка салған әйел көпшілікті тәнті етті
Желіде аялдамасына түсейін деп тұрған автобус жолаушысының видеосы тарады. Әйел арқасына еліміздің туындағы күн мен бүркіт бейнеленген татуировка салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео 30 мыңға жуық қаралым жинаған. Желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай түрлі пікірлер қалдырған.
“Мен тіпті Қазақстанның символы татуировкасы түрінде осыншалықты әдемі көрінеді деп ойламаппын”, “Керемет! Татуировкасы арқылы патриоттық сезім қалыптасады”, “Әпкеміз нағыз патриот”, “Мен де осылай жасатқым келеді”, – деген түрлі пікірлер жазылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған