"Апайыма шуба кигіздім": Төреғали Төреәлі білім алған мектебін көрсетті
Белгілі хитмен Төреғали Төреәлі туған ауылына барып, білім алған мектебін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі бала күнінде ақын болатынын білгенін жасырмады.
“Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлттық арна келіп осы мектепті түсірген еді. Бірінші сыныпқа барғаным, дәл осы аулада алғашқы қоңырау салтанаты өткені есімде. Балшекер апайым бастауышта сабақ берді. Ағылшын тілінен Гүлбану апайым сынып жетекшіміз болды. Айна Жалелқызы мектеп директорымыз еді. Қазір бәрі ауысып кеткен шығар. Әркімнің туған жері Мысырмен тең! Оқушы Төрештің қандай болғанын мектебімдегілерден басқасы біле бермесі анық. Өнерлі Төреш, ақылды Төреш, әрине тентек Төреш”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ әнші бала күнінде апайына уәде беріп, соның орындалғанын айтты.
“Кішкентай Төреш оқушы кезінде көп армандайтын. Өскенде ақын болам, олимпиада чемпионы боламын дейтін. Төрешке сол кезде көпшіліктің сене қоймағаны анық. Тіпті, бастауыш сыныпта оқып жүргенде "Балшекер апайыма, мен сізге өскенде шуба кигіземін" деп айтқаным есімде. Сыныптастарым күлді. Иә, ол кезде шуба атаулысы анашымда жоқ, сондағысы бала арман-ниетім екен. Сол айтқаным орындалып, концертіме келген апайыма шуба кигіздім", – деп айтты эстрада жұлдызы.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңырға барып, оқырмандарына туып-өскен мекенін көрсеткенін жазған едік.