Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтық жасады деп айыпталған антикор төрағасының экс-орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте "Антикор" төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мақсат Қожабаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 

Ақпаратты Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұл қылмыстық іске тағы бір айыпталушы –  Зәкір Ғұламов қатысты. Сот оны Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігінде, 367-бабының 4-бөлігінде, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

Мақсат Қожабаевты 2023 жылдың 9 қаңтарында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында ұстады. ҰҚК олардың қандай құқық бұзушылық туралы айтып жатқанын ашып айтпады. 

Құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкеріне алаяқтық жасады деген айып тағылғаны бұған дейін хабарланған еді.

М. Қожабаев 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 29 қаңтарға дейінгі аралықта алаяқтық, яғни бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы лауазымды тұлғаның алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлаған.

Талқылау