Антикор алаяқтықтың жаңа түріне байланысты азаматтарға ескерту жасады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттерінен сақ болуды ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ria.ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді.
"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай жағдайға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.
Жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөміріне хабарласу сұралады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған